Мазмұнға өту
qandastar.

Әйелді пышақтап, пәтеріне қамап кеткен: күдікті ұсталды

Малика Хамит · · 1 218 қаралым
Әйелді пышақтап, пәтеріне қамап кеткен: күдікті ұсталды

Ақмола облысының Атбасар қаласында 58 жастағы әйелдің мәйіті пәтерінен табылды, деп хабарлайды

порталы.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, әйелдің денесінде пышақ жарақаттары болған.

Полиция пәтерге кіру үшін есікті бұзуға мәжбүр болған.

Адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Адам өліміне әкеп соққан, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Бөлісу: Telegram WhatsApp