Мақсат Ахановтың Шайыр ауылындағы айтыс кезінде сахнада жасаған әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды
порталы.
Ақынның өнер көрсету сәтінен түсірілген видео тарағаннан кейін, оның сөзі мен сахнадағы әдебі сынға ұшырады.
Видеоны жариялаған Нұргүл Хасанова ақынның әрекетін орынсыз деп бағалап, айтыстағы мәдениет пен әдеп мәселесін көтерді.
Мынау не масқара, не көргенсіздік! Күні кеше Шайыр ауылының 100 жылдығында болған жағдай» дейді. «Вацап» арқылы келіп жатыр. Аяғы лас төрді былғайды, аузы лас елді былғайды» деген, аузына келгенін көкіп отырған мынаны желкелеп сахнадан қуып шығатын бір намысты адам болмағаны ма сол жерде?! Жүз жерден «жұлдыз», мың жерден «дүлдүл» болса да! Мынау не басыну, не тайраңдау?! Айтыстың әдебі, сахна мәдениеті қайда?! Айтысты ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы не қарап отыр?! Елді сыйламау, жерді қорлау, тұтас халықты адам құрлы көрмей, ар-намысын таптау ғой бұл!
Жазбаға пікір білдіргендердің арасында ақынды қолдағандармен қатар, оны қатаң сынағандар да болды.
Осы жағдайға байланысты Айтыс Одағының төрағасы Амандол Әлтай пікір білдірді.
Оның айтуынша, Шайыр ауылындағы шара Одақтың ресми жоспарына кірмеген. Айтыс жергілікті азаматтардың ұйымдастыруымен және жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен өткен.
Амандол Әлтайдың сөзінше, Одақ ұйымдастыратын шараларда сахна мәдениеті мен ақындардың әдебіне ерекше көңіл бөлінеді.
Жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен сол өңірдің азаматтарының ұйымдастыруымен өткен. Біздің қатысымыз жоқ. Өзім ұйымдастырған, қадағалаған айтыстарда сахна мәдениетінің сақталуына, ақындардың әдебіне ерекше мән беріледі. Мақсат Ахановты алдағы жарты жылда айтыстарға қатыстырмау жөнінде шешім қабылданды