Түн ортасында көшені дүрліктіріп, қатты дыбыс шығаратын көлік пен мотоцикл жүргізушілеріне қатысты шара күшеймек, деп хабарлайды
порталы.
Бұл мәселе Үкімет отырысында көтерілді.
Премьер-министр Олжас Бектенов ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен түнгі уақытта қатты шу шығаратын көліктердің мәселесін шешу бойынша қандай жұмыс атқарылып жатқанын сұрады.
Үкімет басшысының айтуынша, мұндай жүргізушілердің әрекеті тұрғындардың тыныштығына кедергі келтіріп, адамдардың ұйқысын бұзады. Сондықтан оларға қатысты жаза қатаң болуы керек.
Ішкі істер министрінің мәліметінше, жыл басынан бері көлік құралдарының қатты шу шығаруына байланысты 372 жағдай анықталған. Барлық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар 55 адам әкімшілік қамаққа алынып, олардың көліктері мен мотоциклдері арнайы айып тұрағына қойылған.
Бектенов бұл бағытта тек айыппұлмен шектелмеу керектігін айтты.
Айыппұл емес, оларды қамау керек
Осылайша, түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзатын жүргізушілерге қатысты қатаң шара қолдану мәселесі күн тәртібіне шықты.