Мазмұнға өту
qandastar.

Ақмола облысында газель жүргізушісі адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен

Малика Хамит · · 155 қаралым
Ақмола облысында газель жүргізушісі адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен

Облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Полиция мәліметінше, оқиға 11 желтоқсанында Көкшетау-Рузаевка тас жолында болған.

Тәртіп сақшыларына көлік қағып кеткен ер адамның табылғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Полиция оқиға орнына дереу жетті.

Алдын ала тергеу барысында жүргізушінің жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан кетіп қалғаны анықталды.

Көлік құралы мен жүргізушіні анықтау үшін «Тоқтату» жоспары іске қосылды.

Тергеу барысында Көкшетау патрульдік полиция қызметкерлері үйдің ауласында механикалық зақымдануы бар «Газель» фургонын тапты.

Жүргізуші ұсталды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp