Мазмұнға өту
qandastar.

Ақмола облысында кафе жарылды: 7 адам қаза тауып, 20-ға жуығы зардап шекті (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 57 қаралым
Ақмола облысында кафе жарылды: 7 адам қаза тауып, 20-ға жуығы зардап шекті (ВИДЕО)

Бурабай ауданының Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас бір қабатты кафеде газ–ауа қоспасы жарылып, өрт шықты, деп хабарлайды

порталы.

Хабарлама түскеннен кейін 5 минут ішінде Ақмола облысының ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына келді.

Өрт сөндірушілер жанған ғимараттан 8 газ баллонын алып шықты және 10-нан астам адамды құтқарды.

Жедел деректерге сәйкес, барлығы 26 адам зардап шекті, оның ішінде 7 адам қаза тапты (оның бірі – 16 жастағы қыз).

13 адам Бурабай аудандық ауруханасында, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілді.

Оқиға орнында облыстық жедел штаб жұмыс істеуде.

Өрт толығымен сөндірілді.

Ақмола облысының әкімдігі қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от БУРАБАЙ | ЩУЧИНСК | БОРОВОЕ (@borovoe_times)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp