Мазмұнға өту
qandastar.

Ақмола облысында жолды су басты

bahitzhanabzal · · 676 қаралым
Ақмола облысында жолды су басты
Фото:ТЖМ Ақмола облысында "Көкшетау-Атбасар" автожолының учаскесі жабылды, деп хабарлайды qandastar.kz "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
"6 сәуір сағат 11:00 шамасында Ақмола облысында "Көкшетау-Атбасар" автожолының 103-184 шақырым аралығында (Балкашино ауылы- Атбасар қаласы) қардың еруі салдарынан жол бөлігін су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды", - делінген хабарламада. Бұған дейін сағат 07:20-де "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасына" автожолының 917-997 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жақсы ауылы- Атбасар қаласы) көлік қозғалысы ашылғаны хабарланған еді.
Бөлісу: Telegram WhatsApp