Мазмұнға өту
qandastar.

Ақмола облысындағы шахтада екі адам көз жұмды

Малика Хамит · · 73 қаралым
Ақмола облысындағы шахтада екі адам көз жұмды

19 мамыр күні Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінің «Орталық» шахтасында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды

порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам заңсыз түрде кен қазуға кірген кезде тау-кен массасы опырылып түскен.

Салдарынан 38 және 21 жастағы екі ер адам оқиға орнында қаза тапты.

Марқұмдардың Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары екені анықталды. Олардың денелері шахтадан шығарылған.

Полиция аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Бестөбе шахтасындағы шахтада тау-кен массасы құлап, салдарынан 38 және 21 жастағы екі ер адам қаза тапты. Степногорск қаласының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жүргізуде
деп мәлімдеді полиция.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp