Мазмұнға өту
qandastar.

Ақмолалық полицейлер 6-қабаттан секірмек болған қызды соңғы сәтте құтқарып қалды (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 98 қаралым
Ақмолалық полицейлер 6-қабаттан секірмек болған қызды соңғы сәтте құтқарып қалды (ВИДЕО)

Степногорскіде полиция қызметкерлері алтыншы қабаттың балконынан секірмек болған қызды құтқарып, қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды

порталы.

Оқиға 10 маусым күні таңғы сағат 06:45 шамасында болған. Тұрғындар көпқабатты үйдің алтыншы қабатындағы балконда жанжал болып жатқанын байқап, полицияға хабар берген.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспектор қыздың балкон қоршауында тұрып, секіруге дайындалып тұрғанын көрген. Жағдайдың аса қауіпті екенін түсінген тәртіп сақшылары дереу әрекет етті.

Полиция капитаны Айбек Жамбылов қыздың назарын өзіне аударып, әңгімеге тартуға тырысқан. Осы сәтті пайдаланған аға лейтенант Ерсайын Ақсарин өмірін қатерге тігіп, қызды ұстап алып, балкон ішіне тартып үлгерген.

Қыз құтқарылып, медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды
деп хабарлады полиция.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыздың мұндай қадамға баруына жеке өміріндегі жанжал себеп болуы мүмкін. Құтқару сәті жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына жазылып қалған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @aqmola_pd
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp