Мазмұнға өту
qandastar.

АҚШ Иран аумағындағы әскери нысандарға соққы жасады

Бақытжан Мұса · · 360 қаралым
АҚШ Иран аумағындағы әскери нысандарға соққы жасады

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазын жапқаннан кейін Иран аумағындағы бірқатар нысандарға әуе соққылары жасалғанын хабарлады. Бұл туралы ведомствоның ресми X парақшасында жарияланды, дейді Qandastar.kz сайты.

АҚШ тарапының мәліметінше, операцияның мақсаты – Иранның Ормуз бұғазы арқылы өтетін азаматтық және жүк кемелеріне шабуыл жасау мүмкіндігін әлсірету. Әскери әрекеттер АҚШ президентінің және Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысының бұйрығымен жүргізіліп жатқаны айтылды.

Иранның мемлекеттік IRIB телеарнасы елдің оңтүстігіндегі Ассалуйе, Конарек, Бендер-Аббас, Сирик және Чахбехар қалаларында, сондай-ақ Кешм аралында жарылыстар болғанын хабарлады.

АҚШ мәліметінше, шабуылдар барысында радиолокациялық жүйелер, зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттарының қоймалары, зымыран ұшыру алаңдары, теңіздегі бақылау жүйелері және әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешендері нысанаға алынған.

Axios тілшісі Барак Равидтің жазуынша, АҚШ әскері Иранның әскери инфрақұрылымына бағытталған операция жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Вашингтон Тегераннан коммерциялық кемелерге жасалған шабуылдарды тоқтатуды талап еткен болатын. АҚШ билігі талап орындалмаған жағдайда Иранға қарсы ауқымды әскери жауап беруге дайын екенін ескерткен.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp