АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында АҚШ құрамасы топтық кезеңді сенімді жеңіспен бастады. D тобы аясында өткен кездесуде америкалықтар Парагвайды 4:1 есебімен жеңді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Nur.kz порталына сілтеп хабарлады.
Матч Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай» стадионында өтті. Кездесудің 7-минутында парагвайлық қорғаушы Дамиан Бобадилья өз қақпасына гол соғып, АҚШ құрамасын алға шығарды.
Бірінші тайм аяқталғанға дейін шабуылшы Фоларин Балогун екі мәрте мергендік танытып, командасының басымдығын арттырды.
Екінші таймда Парагвай құрамасы 73-минутта Маурисионың голы арқылы есеп айырмасын қысқартқанымен, қосымша уақыттың сегізінші минутында Джованни Рейна АҚШ-тың төртінші голын соғып, матчтың нүктесін қойды.
Осы жеңістен кейін АҚШ құрамасы үш ұпаймен D тобында бірінші орынға көтерілді. Аталған топта сондай-ақ Түркия мен Аустралия құрамалары өнер көрсетіп жатыр.