Мазмұнға өту
qandastar.

АҚШ пен Иран келісімі мұнай бағасының төмендеуіне әсер етті

Бақытжан Мұса · · 55 қаралым
АҚШ пен Иран келісімі мұнай бағасының төмендеуіне әсер етті

АҚШ пен Иран арасындағы соғысты тоқтату туралы келісім жасалғаны жөніндегі хабарлардан кейін әлемдік мұнай нарығында баға төмендей бастады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

ICE биржасының мәліметінше, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 1,33 пайызға арзандап, барреліне 77,91 долларды құрады. Ал WTI маркалы мұнай бағасы 74,86 долларға дейін төмендеді.

Скриншот

Сарапшылардың айтуынша, мамыр айының соңында мұнай бағасы барреліне шамамен 100 доллар деңгейінде саудаланған. Алайда тараптардың келісімге келуі мүмкін екені туралы алғашқы ақпараттар жарияланғаннан кейін нарықтағы баға айтарлықтай құлдырап, соңғы бірнеше айдағы ең төменгі деңгейлердің біріне жетті.

17 маусымда АҚШ пен Иран соғысты тоқтатуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғаны белгілі болды. Құжатта әскери қақтығысты тоқтату және Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіру мәселелері қамтылған.

Келісімге сәйкес, екі мемлекет бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге, сондай-ақ ішкі істеріне араласпауға міндеттеме алған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp