Мазмұнға өту
qandastar.

АҚШ-та қаза тапқан қазақстандықтың мәйіті елге жеткізілді

Бақытжан Мұса · · 218 қаралым
АҚШ-та қаза тапқан қазақстандықтың мәйіті елге жеткізілді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев АҚШ аумағында көз жұмған Қазақстан азаматының мәйіті туған еліне жеткізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Zakon.kz мәліметіне сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарлады.

Министрлік өкілінің айтуынша, Нью-Йорктегі Қазақстанның Бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті консулдық және құқықтық қолдау көрсетіп, мәйітті Қазақстанға қайтару жұмыстарын ұйымдастыруға көмектескен.

Еске салсақ, маусым айының ортасында АҚШ-тың Иллинойс штатында 24 жастағы қазақстандықтың із-түзсіз жоғалғаны белгілі болған еді. Туыстарының мәліметінше, ол үйінен кеткен кезде жеке құжаттары мен әмиянын қалдырып кеткен. Кейін оның көлігі табылған.

Бұдан соң АҚШ-та табылған мәйіттің жоғалған Қазақстан азаматына тиесілі болуы мүмкін екені хабарланған болатын. Кейін оның қаза тапқаны расталды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp