Мазмұнға өту
qandastar.

АҚШ-та қазақстандық азамат терроризм бойынша күдікпен ұсталды

Бақытжан Мұса · · 81 қаралым
АҚШ-та қазақстандық азамат терроризм бойынша күдікпен ұсталды

АҚШ-тың Көші-қон және кедендік бақылау қызметі (ICE) Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейдің ұсталғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, ол терроризмге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен қамауға алынған, дейді Qandastar.kz.

Бұл туралы ақпарат ICE-тің X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Мәлімдемеде өткен жылы иммиграциялық соттың Балтагерейді елден шығару туралы шешім қабылдағаны, алайда оның сот отырысына келмегені айтылған.

«Еламан Балтагерей депортациялау туралы түпкілікті шешім негізінде терроризм бойынша күдікті ретінде ұсталды. ICE оны елден шығару рәсімі аяқталғанға дейін қамауда ұстайды», – делінген хабарламада.

Осы жағдайға байланысты KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне ресми сауал жолдады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp