АҚШ-та Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Бұл туралы оның жақындары хабарлап, көпшіліктен көмек сұрады, дейді Qandastar.kz сайты.
Мәліметке сәйкес, 24 жастағы азамат Иллинойс штатындағы Форд-Хайтс ауданында тұрған. Ол соңғы рет 2026 жылдың 2 маусымында байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері телефоны өшірулі күйде болған.
Туыстарының айтуынша, үйінде балалары мен банк карталары қалған. 10 маусым күні полиция оның Toyota Camry автокөлігін тапқанымен, азаматтың өзі әлі күнге дейін табылмаған.
Жақындары Әсет Құралбайды көрген немесе оның қайда болуы мүмкін екені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды құқық қорғау органдарына немесе туыстарына хабарласуға шақырды.