Мазмұнға өту
qandastar.

АҚШ Венесуэлаға соққы жасады: президент Мадуро мен әйелі ұсталды

Малика Хамит · · 236 қаралым
АҚШ Венесуэлаға соққы жасады: президент Мадуро мен әйелі ұсталды

АҚШ Мадуро мен оның әйеліне «наркотерроризм» жасады деген айып тағып отыр, деп хабарлайды

порталы.

Олар жақында Нью-Йорк сотының алдында жауап береді, деп хабарлады АҚШ бас прокуроры Бонди.

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлада ауқымды операция болғанын хабарлады.

Америка Құрама Штаттары Венесуэлаға және оның көшбасшысы — президент Николас Мадуроға қарсы ауқымды соққыны сәтті жүзеге асырды. Николас Мадуро жұбайымен бірге қолға түсіп, елден шығарылды. Бұл операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілді. Толық мәлімет кейінірек жарияланады. Бүгін сағат 11:00-де Мар-а-Лаго резиденциясында баспасөз мәслихаты өтеді. Осы мәселеге назар аударғандарыңызға рақмет!
деп жазды Трамп.

Айта кетері, бүгін АҚШ Венесуэла астанасына соққы жасады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp