Мазмұнға өту
qandastar.

АҚШ визасы үшін 20 мың доллар кепілдік талап етілуі мүмкін елдер тізімі жарияланды

Бақытжан Мұса · · 953 қаралым
АҚШ визасы үшін 20 мың доллар кепілдік талап етілуі мүмкін елдер тізімі жарияланды

АҚШ Мемлекеттік департаменті туристік және іскерлік визаларға өтініш беретін азаматтарынан 20 мың долларға дейін кепілдік сомасын талап етуі мүмкін елдердің жаңартылған тізімін жариялады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 3 тамыздан бастап B-1/B-2 санатындағы уақытша іскерлік және туристік визаларға өтініш берген кейбір шетел азаматтарынан АҚШ аумағында болу талаптарын сақтап, елден уақытылы шығатынына кепіл ретінде қаржылық кепілдік енгізу сұралуы мүмкін.

АҚШ консулдық қызметкерлері мұндай талапты виза беру шарты ретінде 20 мың долларға дейінгі сома көлемінде белгілеуге құқылы. Бұл шешім әр өтініш берушіге жеке қарастырылады.

Жаңартылған тізімге барлығы 50 мемлекет кірген. Олардың басым бөлігі Африка құрлығындағы елдер болса, қатарында Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан да бар. Қазақстан бұл тізімге енгізілмеген.

Айта кетейік, бұған дейін наурыз айында АҚШ билігі виза алу кезінде 15 мың доллар көлемінде кепілдік төлеуі мүмкін мемлекеттер тізімін кеңейткен болатын. Ол кезде де Қазақстан азаматтарына мұндай талап қойылмаған еді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp