Мазмұнға өту
qandastar.

«Ақша берсең, бәрін шешіп беремін»: Көші-қон комитеті алаяқ делдалдардан сақ болуға шақырды

Малика Хамит · · 17 қаралым
«Ақша берсең, бәрін шешіп беремін»: Көші-қон комитеті алаяқ делдалдардан сақ болуға шақырды

Қазақстанға қоныс аударып, құжаттарын рәсімдеп жүрген азаматтарға ақылы қызмет ұсынып, мемлекеттік рәсімдерді «жылдамдатып беруге» уәде ететін делдалдар көбейген.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті ескертті, деп хабарлайды

порталы.

Комитетке құжаттарды жедел рәсімдеуге, тестілеуден өтуге немесе мемлекеттік қызметтерді алуға көмектесетінін айтып, ақша сұрайтын адамдарға қатысты өтініштер түсіп жатыр.

Ведомство мұндай ұсыныстарға сенбеуге шақырды.

Мемлекеттік қызметтер заңда белгіленген тәртіппен көрсетіледі, ал тестілеу нәтижесін немесе құжаттарды қарау қорытындысын ақшаға өзгерту мүмкін емес.

Бейтаныс делдалдарға ақша бермеңіздер. Қоныс аудару мен құжат рәсімдеу мәселелері бойынша тек ресми ақпаратқа жүгінген дұрыс», – деді ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті этникалық миграция басқармасының басшысы Нұрбол Байсынов.
Дәйексөз

Комитет азаматтарды жалған уәдеге алданып қалмауға және кез келген күмәнді ұсынысты мұқият тексеруге шақырады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp