Мазмұнға өту
qandastar.

"Ақшасы бар, фантазиясы жоқ": Көпшілік блогер Мерей Әбілованың Miore брендін сынады

bahitzhanabzal · · 179 қаралым
"Ақшасы бар, фантазиясы жоқ": Көпшілік блогер Мерей Әбілованың Miore брендін сынады

Блогер Мерей Әбілованың Miore атты жаңа өнімі соңғы уақытта әлеуметтік желілерде кеңінен талқылануда. Желі қолданушылары брендтің ұсынған өнімдері әлемге әйгілі Dior мен Hermes сынды танымал сән үйлерінің үлгілеріне ұқсас екенін айтып, сын пікірлер білдіруде. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Instagram желісіндегі zhuldyzdy_news парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Пікір білдірушілердің айтуынша, өнім дизайнында тың идея мен ерекшелік байқалмайды. Сонымен қатар жарнамалық материалдары да көпшіліктің назарын аударарлық жаңашылдығымен көзге түспегені жазылуда.

Әлеуметтік желілерде кейбір қолданушылар «ақшасы бар, бірақ қиялы жоқ», «қазақтар әлі де қайталаудан аса алмай келеді» деген сынды сыни пікірлер қалдырған. Аталған пікірлер желіде қызу пікірталас тудырып отыр.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp