Мазмұнға өту
qandastar.

Ақсу зауытында дауыл салдарынан пештің түтін мұржасының бөлігі құлады

Бақытжан Мұса · · 59 қаралым
Ақсу зауытында дауыл салдарынан пештің түтін мұржасының бөлігі құлады

2026 жылғы 10 наурызда Ақсу ферроқорытпа зауытының №1 балқыту цехында екпінді желдің әсерінен №15 пештің түтін мұржасының бір бөлігі құлады, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеп.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

«Бұл оқиға жергілікті сипатта болып, өндіріс процесіне әсер етпеді. Аталған нысанға техникалық тексеріс белгіленген мерзімде – 2023 жылы жүргізілген», – делінген хабарламада.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты зауытта жедел штаб құрылып, жауапты қызметтердің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 11 наурызда боран мен екпінді жел соғатыны туралы ескерту жасалған еді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp