Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтауда қоқыс көлігі жарылып кетті

bahitzhanabzal · · 320 қаралым
Ақтауда қоқыс көлігі жарылып кетті

Фото: ашық дереккөз

Ақтауда қоқыс көлігі жарылып кетті, - деп хабарлайды

тілшісі.

Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Құтқарушылар мәліметінше, бүгін, 7 қыркүйекте күндіз сағат 12:01-де Мұнайлы ауданындағы "Әйгерім" мейрамханасының маңындағы жолда қоқыс таситын көліктен өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түскен. [video width="1280" height="720" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2024/09/photo_124740.mp4"][/video] Өрт сөндірушілер оқиға орнына 12:09-да жетті. Өрт сөндірушілер келгенше 120 литрлік газ баллоны жарылған. Салдарынан жарылыс толқынынан әйнек сынып, 20 метр жерде орналасқан "Ақ жол" азық-түлік дүкенінің баннеріне зақым келген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Көлік толығымен өртеніп кетті. Өрт сағат 12:19-да сөндірілді.
Бөлісу: Telegram WhatsApp