Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтауда шенеуніктер 81 млн теңгеге киіз үй сатып алмақ болған

bahitzhanabzal · · 218 қаралым
Ақтауда шенеуніктер 81 млн теңгеге киіз үй сатып алмақ болған

Фото:blog.flexyheat.ru

Ақтауда шенеуніктер бір киіз үйді 7 млн теңгеге жуық қаржыға сатып алмақ болған. Барлығы 12 киіз үй сатып алуды жоспарлаған. Алайда прокурорлар бұл әрекеттің жолын кескен, деп хабарлайды qandastar.kz Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Қадағалау органының қызметкерлері сараптама жүргізіп, мұндай тауарды 6 млн 750 мың теңгеге емес, 1,5 - 2 миллион теңгеден де сатып алуға болатынын анықтаған.

«Біздің ұсынысымызды қарау үшін әкімдік қызметкерлеріне бір ай уақыт берілді. Содан кейін олар осы соманы белгілегендерге қандай шара қолданғаны туралы жазбаша жауап беруі қажет. Іс-әрекеттерді тәртіптік комиссия қарайды. Яғни, кінәлілерге қандай жаза тағайындалатынын қала басшылығы шешеді»,—деп түсіндірді Ақтау қалалық прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау жөніндегі прокуроры Альберт Есмұрзаев.

Бөлісу: Telegram WhatsApp