Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтауда зейнеткер отбасы 500 млн теңгелік алаяқтықтың құрбаны болғанын мәлімдеді

Бақытжан Мұса · · 161 қаралым
Ақтауда зейнеткер отбасы 500 млн теңгелік алаяқтықтың құрбаны болғанын мәлімдеді

Ақтау қаласының тұрғыны, онкологиялық есепте тұрған зейнеткер Күлшан Құсайынова өзі мен отбасының 500 миллион теңгеден астам сомаға қатысты алаяқтық схеманың құрбаны болғанын айтып, Қазақстан Президенті мен құзырлы мемлекеттік органдарға ашық үндеу жолдады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта отбасының барлық банктік шоттары бұғатталып, мүлкіне тыйым салынған және жалғыз баспанасынан айырылу қаупі туындаған. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Зейнеткердің сөзінше, қызының азаматтық некедегі бұрынғы жұбайы олардың атына бірнеше ЖШС мен жеке кәсіпкерлік ашып, солар арқылы миллиондаған теңгені заңсыз айналымға жіберген. Ол компаниялардың бірінің құрылтайшысы ретінде өзін рәсімдегенін, ал кейін банкроттық рәсімі кезінде 500 миллион теңгеден астам қарыздың өздері мен екі қызының мойнына жүктелгенін айтады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ -ҚАСЫМ ЖОМАРТ ТОҚАЕВТІҢ НАЗАРЫНА. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік кірістер комитеті . Ақтаудағы 500 миллиондық алаяқтық: Онкологиямен ауыратын зейнеткер мен оның отбасын кім тақырға отырғызды? ​Сәлеметсіздер ме, құрметті журналистер мен блогерлер! ​Біз — Ақтау қаласында ұйымдасқан үлкен алаяқтық схеманың құрбаны болған отбасымыз. Сіздерден осы іске қоғамдық резонанс тудырып, Құрметті оқырмандар, отандастар! ​Баршаңыздан осы үндеуді барынша таратып, өз парақшаларыңызда бөлісуді (репост жасауды) және төмендегі құзырлы органдарды пікірлерде белгілеуді (тегтеуді) өтінемін. ​Біз сияқты қарапайым отбасының үні жоғарыға жетіп, әділдік орнауы үшін сіздердің әрбір қолдауларыңыз, әрбір репосттарыңыз бен белгілеулеріңіз өте маңызды! Үнсіз қалмаңыздар, көмектесіңіздер! Әділдіктің орнауына көмектесулеріңізді сұраймыз. Сот пен құқық қорғау органдарының әрекетсіздігінен біздің мойнымызға біз өмірімізде көрмеген 500 миллион теңгеден астам қарыз ілініп отыр. Қазір барлық шоттарымыз бұғатталған, мүлкіміз арестте, жалғыз баспанамыздан айырылу алдында тұрмыз. ​Істің мән-жайы: Мен — зейнеткермін, екі кәмелетке толмаған немерем бар және қазіргі уақытта онкологиялық есепте («учетта») тұрмын. Осыдан біраз уақыт бұрын қызыммен 10 жыл бойы некесіз бірге тұрған күйеу баламыз Мадыбаев Талғат менің және екі қызымның атына ЖШС (ТОО) мен ИП-лар ашқан. Ол бұл компаниялар арқылы миллиондаған қаражат шығарып отырған. ​Тіпті, ЖШС-нің құрылтайшысы етіп мені тағайындаған. 2023 жылы компанияны банкроттыққа өткізген кезде мен ауыр дертке шалдықтым. Күйеу баланың арам ойы — «бұл аурудан бәрібір айықпайды, өліп кетсе іс өзінен-өзі жабылады» деген есеп болған сияқты. Себебі, мен аппаратқа түсуге бара жатқанда оның «әуре болмасын, бұл ауру бәрібір алып тынады» деген сөздерін өз құлағыммен естідім. ​Заңсыздықтар мен күмәнді жайттар: 1. ​Соттың біржақтылығы: Банкроттық басқарушы А.К. сөзімен сот ешқандай ресми қаржылық сараптама (судебная финансово-экономическая экспертиза) жасамай-ақ, ЖШС-ден ИП-ларға өткен 500 миллионнан астам теңгені менің және екі қызымның мойнына іліп, үкім шығарды. 2. ​Ақшаның нақты қайда кеткені белгілі: Бізде барлық құжаттар бар — ЖШС-ге ақша түсе сала, ол қаражат бірден күйеу баланың бірінші әйелі Г.М. және оның 3 баласының шоттарына аударылып отырған. Бүкіл бухгалтерия мен махинацияларды Г.М. жүргізген. Бірақ сот пен банкроттық басқарушы олардан бұл ақшаны талап етіп отырған жоқ. 3. ​Қол қоюды қолдан жасау: Құжаттардағы қолдар біздікі емес екені айдан анық көрініп тұр. Күйеу бала мен оның сыбайластары — ЖШС-нің бұрынғы директоры И.П., оның балалары Д.Ә. мен С.Ә. біздің атымыздан өздері қол қойған. Дәл осындай схемамен олар қарапайым жүргізуші болып жұмыс істеген А.Р. да алдап, атына ИП ашқызған. Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігі: Біз полиция департаментіне, прокуратураға, Мемлекеттік кірістер департаментіне (МКД/ДГД) сан рет арыздандық. Мен зейнеткер, онкологиялық науқас екенімді айтып, облыс прокурорының орынбасарына да кірдім. «3-4 күнде шақырамыз» деп алдап шығарып жіберді. МКД көмектесеміз дегенімен, іс алға баспай тұр. ​Мұның себебін банкроттық басқарушы А.К. өз аузынан естідік. Ол: «Министрлікте менің ағам отыр, маған ешқандай атқарушы орган қарсы тұра алмайды» деп ашық айтқан. Біз қай жерге арыз жазып барсақ та, артымыздан Альберт кіріп шығады да, іс бірден жабылады. Енді ол біздің жалғыз баспанамызды тартып алуға көз тігіп отыр. Бұл — жүйелі түрде ұйымдасқан, артында лауазымды тұлғалар тұрған үлкен қылмыстық схема. Біздің шыдамымыз таусылды, денсаулығым да сыр беріп жатыр. Құрметті журналистер, осы істің ақ-қарасын ажыратуға, алаяқтар мен олардың қамқоршыларын әшкерелеуге көмектесулеріңізді сұраймыз! Тек қоғамдық бақылау ғана бізді бұл тығырықтан құтқара алады. Аса құрметпен
​Кусаинова Күлшан Нұрбекқызы. + 77781273207

Үндеуде соттың қаржылық-экономикалық сараптамасыз шешім шығарғаны, ал қаржының негізгі бөлігі басқа тұлғалардың шоттарына аударылғанына қарамастан, олардан қаражат өндірілмегені айтылған. Сондай-ақ құжаттардағы қолтаңбалардың өздеріне тиесілі еместігін және қол қою қолдан жасалғанын мәлімдеген.

Күлшан Құсайынова бұған дейін полицияға, прокуратураға және Мемлекеттік кірістер органдарына бірнеше рет жүгінгенін, алайда мәселе шешімін таппағанын жеткізді. Ол құқық қорғау органдары мен соттан істі жан-жақты әрі әділ қарауды, ал журналистерден оқиғаға қоғамдық назар аударуға көмектесуді сұрады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp