Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтауда жасөспірімді аяусыз ұрып кетті

bahitzhanabzal · · 332 қаралым
Ақтауда жасөспірімді аяусыз ұрып кетті

Фото: bangkokbook.ru

Ақтауда жасөспірім аяусыз соққыға жығылып, жарақат алып, миы шайқалды, деп хабарлайды  qandastar.kz

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, төбелеске қатысы барлар анықталды. Кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жетуізілді.

Оқиға қаладағы №10 мектеп орналасқан 11 шағын ауданда болған. Үш жасөспірім оқушыны №15 үйдің ауласына алдап шақырып, ұрған. Бала қазір ауруханада емделіп жатыр.

Зардап шеккен баланың анасы айтуынша, жасөспірім өзін соққыға жыққандарды танымаған, ал №10 мектепке бес күн бұрын ауысып келген.

Сабақта шыққан жасөспірімді үш оқушының күтіп тұрғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. №15 үйдің ауласына дейін сөйлесіп барған олар артынша қатарластарын соққының астына алған.

Таяқ жеген жасөспірімде көптеген дене жарақаты мен мидың шайқалуы анықталды.

Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp