Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтаудағы тұрғын үй кешенінде газ жарылысы болып, бес адам зардап шекті

bahitzhanabzal
Ақтаудағы тұрғын үй кешенінде газ жарылысы болып, бес адам зардап шекті

Ақтаудағы «Әсия» тұрғын үй кешенінің жертөлесінде 28 қазан күні таңғы 09:03 шамасында газ-ауа қоспасы жарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазды qandastar.kz

Оқиға салдарынан бес адам жарақат алды, олардың үшеуі - бала. Ең ауыр жараланған - 52 жастағы ер адам. Оның денесінің 50-55 пайызы күйіп, беті, мойны, кеудесі, аяқ-қолы және арқасы зақымданған. Сондай-ақ көзінің қасаң қабығына да күйік түскен. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

22 жастағы жігіттің беті күйіп, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Балалар арасында 15, 10 және 7 жастағы үш бала зардап шеккен. Олар көмірқышқыл газымен уланған. 15 жастағы қыздың жағдайы орташа ауыр, ол ауруханаға жатқызылды. 10 жастағы қыздың анасы ауруханада қалудан бас тартқан, ал ең кіші - 7 жастағы ұл бала дәрігерлердің тексерісінен кейін үйіне қайтарылды.

Жарылыс болған жерге құтқарушылар жедел жетіп, төрт арнайы техника жұмылдырылған.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp