Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында өзін блогер ретінде таныстырған 35 жастағы тұрғын төрт азаматты алдап, ақшасын жымқырып кеткен, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы
Күдікті жәбірленушілердің біріне — балабақшаға жұмысқа орналастыруды, екіншісіне — жүргізуші куәлігін алуға, сондай-ақ тендерді жеңіп беруді уәде еткен. Келтірілген жалпы шығын 10 миллион теңгеден асты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.