Ақтөбе облысында ірі жол апатынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Жол-көлік оқиғасы Ақтөбе – Астрахань автожолында, Қандыағаш қаласына жақын маңда болған. Полицияның мәліметінше, жолда екі Toyota Camry көлігі соқтығысқан.
Апат салдарынан алты адам көз жұмды.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір жол апатының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция тергеу нәтижесі бойынша қосымша ақпарат берілетінін хабарлады.