Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы суға батып кетті

bahitzhanabzal · · 474 қаралым
Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы суға батып кетті
Фото: ашық дереккөз Өзінің балалары мен туысын құтқармақ болған ер адам да суға кеткен.
Ақтөбе облысында бір отбасының төрт адамы суға батып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kzақпараттық порталы. Қайғылы оқиға 3 тамызда Әйтеке би ауданы Жүргенов ауылында болған. Ырғыз өзенінде суға түсіп жүрген бір отбасының 4 адам батып кетті. Олар 13,11 және 7 жастағы балалар, сондай-ақ оларды құтқаруға тырысқан 39 жастағы ер адам. Айта кетейік, ер адам өзінің балалары мен туысын құтқаруға тырысқан. Алайда ол мүмкін болмаған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті балалар ата-аналарымен бірге болғанын айтты. Мәйіттерді іздеумен құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар айналысып, оларды судан шығарды. ТЖД тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Бөлісу: Telegram WhatsApp