Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбе облысында бұрынғы ауыл әкімі өлі табылды

Малика Хамит · · 785 қаралым
Ақтөбе облысында бұрынғы ауыл әкімі өлі табылды

Әлеуметтік желіде Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжановтың 6 мамырда өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады.

Денесі Ақтөбедегі пәтерінен табылды, деп хабарлайды

порталы.

Облыстық полиция мәлімдеме жасады.

1983 жылы туған ер адамның өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайды
дейді департаменттегілер.

Желідегі ақпарат бойынша, Қуанышбек Серікжанов ауырып қалған. 4 мамырда ол қызметінен кету туралы өтініш берді, ал 5 мамырда әкім қызметінен босатылды.

Қуанышбек Серікжановтың артында төрт баласы қалды.

Ол 2023 жылдың 15 қазанында Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі болған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp