Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбе облысында мектеп қызметкері өзенге батып көз жұмды

Малика Хамит · · 385 қаралым
Ақтөбе облысында мектеп қызметкері өзенге батып көз жұмды

Ақтөбе облысында мектеп қызметкері суға батып қайтыс болды, деп хабарлайды

порталы.

Қайғылы жағдай Қарғалы ауданына қарасты Жосалы ауылының маңында болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 1967 жылы туған ер адам түскі үзіліс кезінде Қуағаш өзенінің жағасына демалуға барған. Алайда ол шомылуға арналмаған жерде суға батып кеткен.

Куәгерлер ер адамды судан шығарып алып, жедел түрде алғашқы көмек көрсеткен. Оқиға орнында жүрек-өкпе реанимациялық шаралары жасалып, оның тынысы уақытша қалпына келген.

Зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер қажетті ем-дом шараларын жүргізгенімен, ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады
деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасы.

Ведомство мәліметінше, марқұм білім беру мекемесінде дәнекерлеуші болып еңбек еткен.

Бөлісу: Telegram WhatsApp