Фото: mugaljar_aydanynyn_akimdigi
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында үшем өмірге келді, деп хабарлайды
.
Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны Гүлсая Қалжанова өмірге үшем әкелді. Балалардың есімі – Хамза, Ибраhим, Ахмад. Үшеуі де дін аман, ертең үйіне шығады.
Бұл отбасының төрт баласы бар. Бір қыз, үш ұл. Үшем өмірге келіп, енді ол 7 баланың ата-анасы атанып отыр. Анасы Гүлсая – Мұғалжар ауданы әкімдігінде іс жүргізуші, әкесі Әділхан теміржол саласында еңбек етеді. Балалардың денсаулығы жақсы. Ибрахим 2 985 гр, ал Хамза мен Ахмад 2 435 гр болып өмірге келді