Ақтөбе облысының әкімдігі соңғы айларда қоғам талқысына түскен екі әкімнің қазасына қатысты ресми түсініктеме берді.
Ведомство бұл оқиғалардың мемлекеттік қызметпен немесе қызметтік міндеттермен байланысы расталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды
порталы.
Бұл туралы "
" редакциясының сауалына берілген жауапта айтылған.
Әкімдік жауабында Кенқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжановқа қатысты жағдай оның қызметтен өз еркімен кеткеннен кейін болғаны айтылған.
Кенқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкіміне қатысты жағдай оның мемлекеттік қызметтен өз еркімен босатылуынан кейін болған. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары қажетті тексеру және процессуалдық әрекеттер жүргізіп жатыр
Сондай-ақ шенеуніктер Темір қаласының бұрынғы әкімі Еркін Далмағамбетовтің өліміне қатысты да ресми қорытындыда қызметтік факторлар көрсетілмегенін жеткізді.
Бүгінгі күнге дейін аталған оқиғалардың қызметтік міндеттерді атқарумен немесе мемлекеттік қызметпен байланысын растайтын ресми қорытындылар жоқ
Әкімдік бұл істер бойынша облыс әкімі аппараты тарапынан қызметтік тексеру жүргізілмегенін де хабарлады.
Облыс әкімдігі құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тексерулердің объективтілігі мен заңдылығына сенім білдіреді және тиісті рәсімдер толық аяқталғанға дейін расталмаған ақпарат пен болжамдарға пікір білдіруді орынсыз деп санайды
Сонымен бірге редакция сауалына жауап берген Ақтөбе облысы полиция департаменті Темір қаласының бұрынғы әкімі Еркін Далмағамбетовтің өлімі бойынша қозғалған іс тоқтатылғанын мәлімдеді.
Темір қаласы әкімінің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Тергеу нәтижесінде қылмыс құрамы анықталмауына байланысты іс тоқтатылды
Ал Қуанышбек Серікжановтың өліміне қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде
Еске салайық, Қуанышбек Серікжанов 2026 жылғы 6 мамырда өз үйінде өлі табылған. Ол бұған дейін Кенқияқ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. Ал 2025 жылдың желтоқсанында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің де өз үйінің ауласынан мәйіті табылған еді. Екі жағдай қоғамда қызу талқыланып, түрлі болжамдардың пайда болуына себеп болды.