Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбеде 1-сынып оқушысы бензинге уланып қалды

Малика Хамит · · 62 қаралым
Ақтөбеде 1-сынып оқушысы бензинге уланып қалды

Ақтөбе облысының Қобды ауданындағы мектептердің бірінде оқыс жағдай болды.

Бірінші сынып оқушысы үзіліс кезінде мектеп аумағындағы жертөледен белгісіз сұйықтық тауып алып, ішіп қойған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы "Диапазонға" сілтеме жасап.

Бала сыртта ойнап жүріп жертөлеге түскен.

Сол жерде ішінде бензин иісі шыққан сұйықтық бар бөтелкені байқап, бірнеше жұтым жасаған.

Сабақтан кейін оқушының жағдайы нашарлап, үйінде құса бастаған.

Ата-анасы дереу дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Алғашқы медициналық көмек аудандық ауруханада көрсетіліп, кейін бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Облыстық білім басқармасы бұл ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, дәрігерлер қажетті ем жүргізгеннен кейін баланың жағдайы тұрақтанған. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп жоқ.

Оқиғадан кейін мектепте арнайы комиссия құрылды. Қазір қауіпті сұйықтықтың мектеп аумағында қалай пайда болғаны және оның балалардың қолына қалай түскені анықталып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp