Ақтөбе облысында қанды оқиға тіркелді.
Хромтау қаласында көпқабатты үй ауласынан пышақ жарақаттарынан көз жұмған 27 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға 3 мамыр күні Мира даңғылында болған. Полицияға ауыр жараланған адам туралы хабар түскеннен кейін, оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ер адамның мерт болғанын анықтады.
Тергеу барысында күдікті ретінде 22 жастағы танысы ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар бірге алкоголь ішіп отырып жанжалдасып қалған. Соңы қайғылы жағдайға ұласып, күдікті ер адамды пышақтап тастаған.
Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті өз кінәсін мойындаған. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жалғасып жатыр.