Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбеде айналма жолда су тасқыны болды

bahitzhanabzal · · 232 қаралым
Ақтөбеде айналма жолда су тасқыны болды

Фото: скрин

ҚазАвтоЖол Ақтөбе облысында айналма жолда су тасқыны тіркелгенін хабарлады, деп жазады qandastar.kz

18 наурыз таңғы 07:00 шамасында «Қандыағаш - Ембі - Шалқар – Ырғыз» республикалық автожолының 92 шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелді. Тасқынның ұзындығы – 100 метр, ал биіктігі – 50 см. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктің қозғалысына шектеу қойылды
делінген хабарламада.

Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық.

Оқиға орнына 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды.

Жол қызметінің мамандары тәулік бойы мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp