Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбеде домбыраны «харам» деген ер адам ұсталды

Малика Хамит · · 935 қаралым
Ақтөбеде домбыраны «харам» деген ер адам ұсталды

Ақтөбе облысында домбыраны «харам» деп атаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның домбыра туралы айтқан сөзі кеңінен тараған.

Видеода ер адам: «Құрметті қазақ елі, домбыраға қарсы сөйлеген болсам, кешіріп қойыңыздар. Алайда ханафи мазхабында ішекті аспаптар «харам» болып есептеледі», - деген.

Полиция мәліметінше, оған діни араздықты қоздыру фактісі бойынша іс тіркелген.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілерде діни негіздегі араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікірлер жариялаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның кім екені анықталып, ұсталды
деп хабарлады полиция.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалған.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от EGOV.PRESS (@egovpress)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp