Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбеде екі бала терезеден құлап кетті

bahitzhanabzal · · 169 қаралым
Ақтөбеде екі бала терезеден құлап кетті

Ақтөбеде бір күнде екі бүлдіршін терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпараттық порталы.

Оқыс оқиға 27 мамыр күні Ақтөбе облысындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Алға қаласында 5 жасар бала екінші қабаттан құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.

Екінші жағдайда, облыс орталығында 3 жасар бала да екінші қабаттан құлап жарақат алып, ауруханада жатыр.

Ақтөбе облысының полиция департаменті ата-аналар мен қамқоршыларға осындай оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді
делінген облыстық ПД хабарламасында.
Бөлісу: Telegram WhatsApp