Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбеде ер адам мектеп оқушысымен байланыста болды деген күдікке ілінді

Малика Хамит · · 12 қаралым
Ақтөбеде ер адам мектеп оқушысымен байланыста болды деген күдікке ілінді

Ақтөбеде кәмелетке толмаған мектеп оқушысымен байланыста болды деген ер адам полиция назарына ілікті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Желіде тараған ақпарат бойынша, ер адам жасөспіріммен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Хат алмасу кезінде өзінің шынайы жасын жасырған.

Кейін олардың интернеттегі қарым-қатынасы жеке кездесулерге ұласқан.

Осыдан кейін жасөспірімнің денсаулығына байланысты медициналық көмекке жүгінгені белгілі болды.

Полиция бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.

Қылмыстық істің нақты саралануы әзірге жарияланған жоқ.

Тергеу аяқталған соң заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp