Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбеде онлайн алаяқтық жасаған 18 жастағы күдікті ұсталды

Бақытжан Мұса · · 240 қаралым
Ақтөбеде онлайн алаяқтық жасаған 18 жастағы күдікті ұсталды

Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы басқа облыс тұрғынын ұстады. Тергеу деректеріне сәйкес, ол TikTok әлеуметтік желісі арқылы байланысқа шығып, Free Fire ойынын сатамын деген желеумен азаматты алдап, 777 мың теңгесін иемденген. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеп хабарлады.

«Anti-Fraud» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында күдіктінің жеке басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді. Ол Түркістан облысының тұрғыны екені белгілі болды және өз кінәсін мойындаған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Бөлісу: Telegram WhatsApp