23 мамыр күні Ақтөбе қаласында ішінде жаңа туған сәби болған пакет табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Нәрестені байқаған тұрғындар бұл туралы бірден полицияға хабарлаған.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері сәбиді дереу медициналық мекемеге жеткізді.
Дәрігерлердің мәліметінше, қазіргі уақытта нәрестенің жағдайы бақылауда, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын бастап, сәбидің анасын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы тексерілуде.
Құзырлы органдар тұрғындарды мұндай жағдайлар туралы бірден хабарлап, балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырды.