Ақтөбе гарнизонының әскери соты мерзімді әскери қызметшіні соққыға жыққан сержантқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды
порталы.
Сот мәліметінше, сержант мерзімді әскери қызметшілерге жауапты тұлға бола тұра, қарамағындағы сарбазға күш қолданып, оның денсаулығына орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтірген.
Сержант мерзімді әскери қызметшілерге жауапты тұлға бола отырып, әскери қызметшіге денсаулығына орташа ауырлықтағы дене жарақаттарын салған
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал айыпталушы өз кінәсін мойындамай, ақтауды талап еткен. Сонымен қатар ол азаматтық талапты ішінара ғана мойындап, жәбірленушінің өкілінің қызметіне төленетін сот шығындарын өтеуге ғана келісетінін мәлімдеген.
Сот сержантты Қылмыстық кодекстің 451-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығынан айырды.
Жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу есебіне 700 000 теңге, сондай-ақ өкілдің қызметіне ақы төлеуге байланысты сот шығындары ретінде 900 000 теңге өндірілді