Ақтөбеде шетелдік студенттерді бопсалап, ақша иемденді деген күдікпен 28 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды
порталы.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Полицияның хабарлауынша, күдікті шетелдік студенттермен шамамен 10 күн бұрын танысып, кейін олармен бірге қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде уақыт өткізген.
Бір күні компанияда кафедегі есепшотты төлеуге ақша болмаған кезде, күдікті студенттердің біріне қорқыту арқылы ұялы телефонын ломбардқа тапсыруға мәжбүрлеген
Тергеу мәліметінше, бірнеше күннен кейін ер адам шетелдік азаматтан бопсалау жолымен тағы 50 мың теңге алған.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ақша алып жатқан сәтте арнайы жасақ қызметкерлерінің көмегімен ұсталған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.