Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбеде спорт алаңында қақпа құлап, 11 жастағы бала зардап шекті

Малика Хамит · · 416 қаралым
Ақтөбеде спорт алаңында қақпа құлап, 11 жастағы бала зардап шекті

Ақтөбе қаласында спорт алаңында болған оқыс оқиға салдарынан 11 жастағы бала зардап шекті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы "Диапазонға" сілтеме жасап.

Оқиға 28 мамыр күні кешкі уақытта қаланың 12-шағын ауданындағы №45 үйдің ауласында болған.

Куәгерлердің айтуынша, футбол қақпасының бағанасы ойнап жүрген баланың үстіне құлап кеткен.

Жарақат алған бала дереу облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберген.

Мамандар оның жағдайын «қанағаттанарлық» деп бағалады.

Құзырлы органдардың мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы («Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету») бойынша іс тіркелді. Қазіргі уақытта спорт алаңының салынуы мен күтіміне жауапты қызметтердің әрекеті тексеріліп жатыр.

Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі оқиғаның нақты мән-жайын анықтауға кіріскен.

Бөлісу: Telegram WhatsApp