Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбеде тікұшақ құлады: Зардап шеккендер бар

bahitzhanabzal · · 230 қаралым
Ақтөбеде тікұшақ құлады: Зардап шеккендер бар

Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында тікұшақ апатқа ұшырап бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді, деп жазады qandastar.kz Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйеніп. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы. Ол оқу-жаттығу ұшуын орындаған.

Бортта үш экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

"Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі-техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді ведомство

Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істейді.

"Қарулы Күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Бөлісу: Telegram WhatsApp