Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбеде велосипед мінген курьер 12 жастағы қызды қағып кетті

Бақытжан Мұса · · 64 қаралым
Ақтөбеде велосипед мінген курьер 12 жастағы қызды қағып кетті

Ақтөбеде велосипед мінген курьер 12 жастағы қызды қағып, ауыр жарақат салды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Ақтөбеде жоғары жылдамдықпен жүрген велосипедші-курьер жолда келе жатқан 12 жастағы оқушыны қағып кеткен. Оқиға салдарынан қыздың бет сүйегі мен үстіңгі жақ сүйегі сынған.

Аталған жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. Зардап шеккен баланың анасы кінәлі адамның әлі де жауапқа тартылмағанын айтқан.

Оқиғаға байланысты Ақтөбе облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, қазір курьердің жеке басын анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

"Велосипед мінген курьер мен кәмелетке толмаған баланың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына байланысты полиция күдіктінің кім екенін анықтауға бағытталған жұмыстарды жүргізуде", – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиға болған аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбалары қарастырылып жатыр. Кінәлі тұлға анықталғаннан кейін заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp