Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбеде жылан шаққан 16 жастағы жасөспірім жансақтау бөліміне жатқызылды

Бақытжан Мұса · · 1 492 қаралым
Ақтөбеде жылан шаққан 16 жастағы жасөспірім жансақтау бөліміне жатқызылды

Жергілікті ақпаратқа сәйкес, оқиға екі күн бұрын «Автомобилист-2» бау-бақша ұжымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімді сұр жылан (гадюка) шағып алған, дейді Qandastar.kz.

Оқиға орнына шақырылған жедел жәрдем қызметі баланы ауруханаға жеткізді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, науқасқа дер кезінде жылан уына қарсы сарысу егілген.

Қазіргі уақытта жасөспірімнің жағдайы тұрақты, ол дәрігерлердің бақылауында ем қабылдап жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp