Мазмұнға өту
qandastar.

Ақтөбедегі драма театрының жаңа ғимаратына 8 млрд теңге бөлінді

Бақытжан Мұса · · 106 қаралым
Ақтөбедегі драма театрының жаңа ғимаратына 8 млрд теңге бөлінді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Ақтөбедегі Тахауи Ахтанов атындағы драма театрына жаңа ғимарат салуға Үкімет резервінен 8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеп хабарлады.

Үкіметтің мәліметінше, бөлінген қаржы құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтауға мүмкіндік береді. Театрдың жаңа ғимараты Ақтөбе қаласындағы Алтын орда шағын ауданында бой көтеріп жатыр.

700 көрерменге арналған мәдени нысанда үлкен және кіші залдар, заманауи репетиция бөлмелері мен сахналық кеңістіктер қарастырылған. Сонымен қатар театр маңында саябақ, демалыс аймақтары және тұрғындарға арналған стадион салу жоспарланып отыр.

Жаңа театрдың салынуы аймақ халқының көбеюіне және мәдени инфрақұрылымды дамыту қажеттілігіне байланысты жүзеге асырылуда. Жоба театр қызметінің сапасын арттырып, шығармашылық ұжымдарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанда 61 мәдени нысан салынып, 250-ден астам мекемеде жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp