Ақтөбе облысында TikTok-та тікелей эфирге шығып, балағат сөздер айтқан тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Полиция әлеуметтік желілерді бақылау кезінде құқыққа қайшы контентке тап болған. Эфир барысында әйел балағат сөздер айтып, қорлайтын ым-ишаралар көрсеткен.
Құқық бұзған адам 26 жастағы Ақтөбе тұрғыны екені анықталды.
Сот оның әрекетіне құқықтық баға беріп, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Полиция әлеуметтік желідегі парақша мен тікелей эфирдің де қоғамдық кеңістік саналатынын еске салды. Сондықтан интернетте айтылған балағат сөздер мен қорлайтын әрекеттер үшін де заң алдында жауап беруге тура келеді.
[video width="1280" height="720" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/08/VID_20260813_151004_908.mp4"][/video]