“Шаншар" театрының актрисасы Күннұр Қалмырзаева келін мен ененің бір шаңырақ астында тұруын дұрыс емес деп есептейді. Бұл туралы ол “Қайықта” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды
Актрисаның айтуынша, қазіргі жастардың ой-санасы кең, ақпаратқа қолжетімді. Сондықтан олар өз қалауларымен өмір сүргісі келеді, ал ене тарапынан болатын бақылау мен міндет жүктеу отбасылық қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін.
Қыз да, ұл да – бәрі білімді, көздері ашық. Келінің өз өмірін өзі құрғысы келеді. Бірақ сені сыйлағандықтан қарсы келмейді. Сондықтан мен замандастарыма: ‘Келін мен баланы өз алдына жіберіңдер, өмір сүрсін. Қартайғанда, бәрібір өздері қайтып келеді’ – деп кеңес беремін
Оның айтуынша, бұрынғы заманның көп бірге тұру дәстүрі күнкөріске байланысты болса, қазір жағдай өзгерген.