Мазмұнға өту
qandastar.

Алатау мен Алматы арасында аэротакси іске қосылуы мүмкін

Бақытжан Мұса · · 91 қаралым
Алатау мен Алматы арасында аэротакси іске қосылуы мүмкін

Алатау қаласынан Алматыға қатынайтын аэротаксидің бағасы шамамен 1 шақырымға 1 доллар болуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз мәслихатында вице-премьер Канат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеп.

Оның айтуынша, егер жол ұзақтығы 15 шақырым болса, онда сапар құны орта есеппен 15 долларды құрауы ықтимал. Вице-премьер болашақта аэротакси күнделікті қолданылатын көлік түріне айналатынын атап өтті. Сондай-ақ технология дамыған сайын және қызмет кеңінен таралған кезде жол ақысы қазіргі бағадан да арзандауы мүмкін екенін жеткізді.

Қазіргі таңда әлемнің бірқатар елінде әуе таксиін енгізу жобалары қолға алынған. Қазақстанда да бұл бағытты дамыту арқылы қала ішіндегі көлік кептелісін азайтып, жолаушылардың уақытын үнемдеу көзделіп отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp