Мазмұнға өту
qandastar.

Алдағы үш күнде аяз қатты болады

bahitzhanabzal · · 142 қаралым
Алдағы үш күнде аяз қатты болады

Синоптиктер алдағы күндері яғни 20-22 қаңтар аралығында Қазақстанда күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы 

NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронттық бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Елдің оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, 22 қаңтарда таулы аймақтарда қалың қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

22 қаңтарда Жаңа Жер аудандарынан ығысқан суық антициклон республиканың солтүстік жартысына әсер етіп, бұл өңірлерде ауа температурасы түнде -25...-38 градусқа дейін, күндіз -20...-30 градусқа дейін төмендейді.

Ал Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: күндіз оңтүстік өңірлерде ауа температурасы -5 градустан +3 градусқа дейін көтеріледі, таулы аудандарда -8...-13 градус, батыс өңірлерде -5...-13 градус шамасында болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp